
24-25 қазан/Skirmish 2v2
Ереже
Val Qauym қауымдастығының Skirmish 2v2 турнирі. Қатыса отырып, сен осы ережелермен келісесің.
- 2v2
- кастом ойын, Skirmish
- Bo1
- әр матч
- ≤ 19
- раунд, овертаймсыз
- 30 мин
- матчқа дейін чек-ин
Жалпы ақпарат
- 1.1
Күндер: 24 қазанда I тир (Гауһар, Өрлеу, Мәңгілік), 25 қазанда II тир (Темір - Платина) ойнайды.
- 1.2
Формат: 2v2, Skirmish режиміндегі кастом ойын.
- 1.3
Қатысушылар: 16 дуо, әр тирде 8-ден. Жою сеткасы, барлық матч Bo1.
- 1.4
Байланыс: матч кезінде барлық қатысушы Val Qauym Discord-серверінің дауыс арналарында болады.
Уақыт және кесте
- 2.1
Матч ең көбі шамамен 28,5 минут: 1,5 минуттан 19 раундқа дейін. Овертайм жоқ.
- 2.2
Командалар лоббиге шақыруға кесте бойынша дайын болады. Ойыншылар кесірінен кешігу техникалық жеңіліске әкелуі мүмкін.
- 2.3
Чек-ин матчтан 30 минут бұрын ашылады, сайтта немесе Discord батырмасымен. Екі ойыншы да белгіленуі керек.
- 2.4
Серіктес белгіленбесе, қалған ойыншы екеуге қарсы жалғыз ойнай алады. Бас тартса немесе жауап бермесе, техникалық жеңіліс.
Карталар
- 3.1
Пулда Skirmish режимінің бес картасы бар: A, B, C, D, E.
- 3.2
Капитандар жасырын түрде елтаңба не жазуды таңдайды. Лақтыруда жеңген бірінші бандайды, әрі қарай кезекпен. Қалған бесінші картада ойнайды.
Лобби баптаулары
- 4.1
Турнир режимі қосулы, овертайм өшірулі. Читтер тек әкімшілікке қолжетімді.
- 4.2
Лоббидің «Cheats» баптауын қосуға және консоль командаларын қолдануға тыйым салынады: ghost mode, таймерді тоқтату, swap teams және басқалары. Жаза: бірден дисквалификация.
Мінез-құлық және Fair Play
- 5.1
Турнир достық, бірақ жарыс рухында өтеді. Уыттылық пен спортқа жат мінез-құлыққа тыйым салынады.
- 5.2
Қарсыластарды, көрермендерді және әкімшілікті ойын мен Discord чатында, мәтінмен де, дауыспен де қорлауға болмайды.
- 5.3
T-bagging (жеңілген қарсыластың үстінде отырып-тұру) және мәйітке оқ атуға тыйым салынады.
- 5.4
Қатысушылар Val Qauym Discord-серверінің жалпы ережелерін сақтайды.
Даулар және санкциялар
- 6.1
Даулы жағдайларда (ойыннан шығып кету, сервер лагтары) соңғы шешімді турнир әкімшілігі қабылдайды.
- 6.2
Матчты тек төрешімен келісілген техникалық үзіліспен тоқтатуға болады.
