
24-25 қазан/12 сұрақ
Жиі қойылатын сұрақтар
Тіркеу, матчтар, карталар және жүлделер туралы қысқаша.
01Тіркеу және құрам
Кім қатыса алады?
Рангы Темірден Мәңгілікке дейінгі ойыншылар. I тир: Гауһар, Өрлеу, Мәңгілік. II тир: Темір - Платина. Радиант пен рангсыз ойыншылар қатыспайды. Дуоның екі ойыншысы бір тирден болуы керек.
Серіктесім жоқ. Не істеймін?
Өтінішті тек дайын дуо береді. Серіктесті Val Qauym Discord-серверінен тап: капитан сайтта дуо құрып, серіктеске код береді, серіктес сол кодпен кіреді.
Рангым қалай анықталады?
Riot ID бойынша: сайт ағымдағы рангты өзі жүктейді. Модераторлар профильдерді қарайды, аккаунт смурфқа ұқсаса немесе ранг ойынға сай келмесе, дуоны алып тастауы мүмкін.
Серіктесті ауыстыруға бола ма?
Жеребеге дейін серіктес дуодан шыға алады, ал капитан дуо сеткаға түспей тұрып оны тарата алады. Жеребеден кейін құрам өзгермейді.
02Матчтар және чек-ин
Матчтар қашан өтеді?
I тир 24 қазанда, II тир 25 қазанда ойнайды. Әр матчтың нақты уақыты жеребеден кейін сеткада шығады.
Чек-ин деген не?
Осында екеніңді растау. Матчтан 30 минут бұрын ашылып, басталғанда жабылады. Екі ойыншы да белгіленуі керек: сайттағы матч бөлмесінде немесе Discord-тағы бот батырмасымен.
Серіктесім келмеді. Біз шықтық па?
Міндетті емес. Серіктес белгіленбесе, екеуге қарсы жалғыз ойнай аласың. Бас тартсаң немесе матч басталғанша жауап бермесең, техникалық жеңіліс беріледі.
Матч қанша уақытқа созылады?
1,5 минуттан 19 раундқа дейін, яғни ең көбі шамамен 28,5 минут. Овертайм жоқ.
Ойын шығып кетсе немесе сервер лагтаса ше?
Шешімді турнир әкімшілігі қабылдайды. Матчты тек төрешімен келісілген техникалық үзіліспен тоқтатуға болады.
03Ереже және жүлделер
Карта қалай таңдалады?
Капитандар жасырын түрде елтаңба не жазуды таңдайды. Лақтыруда жеңген бірінші бандайды, әрі қарай кезекпен. Бес Skirmish картасынан біреуі қалады, сонда ойнайсыңдар.
Не үшін дисквалификация беріледі?
Лоббидің Cheats баптауын қосқаны және кез келген консоль командасы үшін. Сондай-ақ қорлау, t-bagging және мәйітке оқ ату үшін. Толығырақ ережеде.
Қандай жүлделер бар?
Әр тирде 1 және 2 орын жүлде алады, дуоның әр ойыншысына бір девайстан. Тағы үш девайсты ресми стрим көрермендері арасында ойнатамыз.
